Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Қызға балмұздақ беріп, жыныстық қатынасқа түскен»: 13 жастағы жеткіншек 4 жасар қызды зорлады

Өзбекстанның Самарқанд облысы, Пайарық ауданындағы жатақханада 13 жастағы бала төрт жасар қызды зорлап тастады. Бұл туралы куәгерлердің бірі айтқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі  «Озодлик» сайтына сілтеме жасап.

кішкентай қыз

Куәгерлердің айтуынша, жеткіншек кішкентай қызды балмұздақпен алдап, тыныш жерге апарған. Сөйтіп зорлап тастапты. 

«Біз медицина колледжінің бұрынғы жатақханасында тұрамыз. Бұл жер отбасы  берілген ғимарат. 13 жастағы жеткіншек анасы және әпкесімен бірге тұрады. Ал төрт жасар қыз анасы және әжесімен бірге. Бала кішкентай қызды балмұздақпен алдап, зорлап тастаған», – дейді куәгер.

Пайарық аудандық медициналық бірлестігінің дәрігері 1 тамызда зорланған деген күдікпен 4 жасар қыз ауруханаға түскені туралы ақпаратты растады.

«1 тамызда жедел жәрдем көлігімен қызды ауруханаға алып келді. Барлық жағдай сот-медициналық сарпатама мен акшер-гинекологиялық тексерістен кейін белгілі болады. Дәрігерлер қызды қарай алмады. Бірден милицияға хабарласып, сол жаққа жіберген», – дейді дәрігер.

Бірақ Пайарық аудандық сот-медициналық бөлімінің дәрігері шыққан қорытындыны айта алмайтынын мәлімдеген. 

Көршілерінің айтуынша, жедел жәрдем шақыруға мәжбүр болған. Өйткені қыздың жағдайы өте ауыр болыпты. Жедел жәрдем анасы мен қызын ауруханаға алып кеткен. Артынша пилиция және прокуратура келіп, оқиға болған жерді тексерген. 

«Жатақхананың қасында бассейн бар. Оның артында иесіз үй бар. Бала қызды сол жерге алып барыпты. Сөйтіп зорламақ болған. Кейіннен қыз үйіне жылап келіп, анасына болған жағдайды айтқан. Анасы бірден жедел жәрдем шақырыпты», – дейді көршінің бірі. 

Ендігіде жатақхана тұрғындары баланың ол жерден көшіп кетуін талап етіп отыр. Алайда, парайық ауданы әкімінің орынбасары Фаррух Олимов кішкентай қыздың зорланғаны туралы ақпаратты жоққа шығарған.

Талқылау