"Қызды ұрып, зорламақ болған": Тараз полициясы желідегі ақпаратқа қатысты пікір білдірді
Таразда ер адам қызды педофилден құтқарып қалған. Бұл туралы НеМолчи қорының басшысы, белсенді Дина Смайылова мәлімдеді. Кейін полиция бұл жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Дина Смайылова жариялаған дерекке сәйкес 23 қаңтарда 9-сынып оқушысының соңынан белгісіз ер адам аңдыған.
“Соңынан ерген еркек оңтайлы сәтті пайдаланып, қызды зорламақ әрекетпен сүйреген. Қыз қарсылық білдіріп, қашпаққа әрекет жасағанда қызды аямай ұра бастаған. “Құтқарыңдар” деп айқалаған сайын ұра берген. Осы тұста бір ер кісі байқап қалып, ажыратқанда әлгі еркек қаша жөнелген. Қыздың қолында телефоны жоқ, негізі телефонсыз жүретін қыз екен. Сол құтқарған бейтаныс ер кісі 102-ге хабарласып, ата-анасын шақыртып әлгі еркекті іздеу шарасына кіріскен. Ұсталған 40 жастағы ер адам ішкілікке салынған еркек. Арам ойын асырмақ әрекетімен 14 жастағы қызды ұрып есінен тандырып зорламақшы болған”, –делінген хабарламада.
Деректерге сәйкес күдікті кісі өлтіргені үшін 11 жыл түрмеде отырған.
Тараз полиция департаментінің мәліметінше 42 жастағы ер адам ұсталған.
“Күдіктінің айтуынша, ол кәмелетке толмағанның құнды затын ұрламақ болған, алайда оқушы айқайлап, көмек сұрай бастаған соң оқиға орнынан бой тасалаған. Қазіргі уақытта күдікті өз кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 191-бабының 2-бөлігімен (Тонау) тергеу амалдары басталған. Істің толық мән-жайын анықтау бойынша жан-жақты тергеп-тексеру жұмыстары жалғасуда”, – деп мәлімдеді полиция өкілдері.

"Баласы бар әйелге міндет арту – сауатсыздық": Қазақстандықтар сәбиі бар үйге қонаққа баратындарды сынады
