"Қызды қорғауға салмақпен қарауымыз керек": Тірі сәбиді қабірден қазып алған
Үндістанның Нандед қаласында, Махараштра штатында, тірі нәрестені жерге көміп тастаған. Бұл туралы Республика ТВ жергілікті телеарнасының сайтында хабарлады.
Үндістанның танымал саясаткері Имтиаз Жалел желіде ауыл тұрғыны жаңа туған қызды қабірден қазып жатқан видеомен бөліскен. Қазіргі уақытта 51 жастағы депутат Лок Сабха (Үндістан парламентінің төменгі палатасы) тергеу жүргізбек.
"Егер біз қызды қорғауға шын мәнінде салмақтылықпен қарайтын болсақ, айыпталушылар заң негізінде толықтай жазалануы керек", - деді Джалил.
Шілде айының басында Үндістанның Гогунда қаласында жаңа туған қызды өлді деп ойлап, көмуге дайындап жатқандығы туралы хабарланған болатын. Туыстары қабірді қазып жатқан кезде оның жылағанын естіген. Алайда бала жедел жәрдем келген кезде бала қайтыс болған.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”