Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызды көліктің жүк салғышына қамап қойды: Танымал блогер түскен жарнама қазақстандықтарды ашуландырды

Белгілі қазақстандық кәсіпкер және журналист Бейбіт Әлібековтің қатысуымен түсірілген жарнама қазақстандықтарды ашуландырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Видеоның сюжеті бойынша ол қызды жүк салғышқа жабу арқылы көліктің дыбыс оқшаулауын тексерген.

Жарнамаға өзін тәуелсіз БАҚ деп жариялаған Batyr Jamal редакциясы назар аударды. Видеода Әлібеков танымал машинаның "керемет дыбыс оқшаулағышы бар" екенін айтады. Содан кейін ол багажникті жабады, ал қыз бар күшімен айқайлайды.

Желі қолданушылары жарнаманың жөнсіз екенін, қыз алып қашуды дәріптейтінін жазды. Кейбіреулер жарнаманың басты мақсаты - хайп жасау және назар аударту деп санайды.

Бейбіт Әлібеков авторлар тек TikTok ойын-сауық желісіндегі танымал америкалық видеоны қайталағанын атап өтті, басқа ой болмағанын алға тартты.

"Осы видео намысына тиген адамдардың сезімдерін құрметтеп, кешірім сұрап, қолданушылар қабылдаған контекст, атап айтқанда, мен қолдамайтын "қалыңдықты алып қашу" үшін жауапкершілікті сезіне отырып, мен бұл видеоны өз парақшамнан өшіремін", - деді Әлібеков.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр