"Қызды болғанын естідік": Ерке Есмаханның желідегі жазбасы қызу талқыға түсті
Танымал әнші Ерке Есмахан Дубайдан сәлем жолдап, жазба жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Жеке парақшадан алынды
Өнер иесі Ораза айт мерекесімен барша қазақстандықты құттықтады.
"Ораза Айт құтты болсын! Жүректеріңізге тыныштық, отбасыларыңызға береке, өмірлеріңіз мейірімге толсын! Ораза айында тілеген ақ тілектеріңіз орындалсын! Шүкір ететін сәттеріміз көп болсын! Әр қазақ бақытты, бай болсын! Айттан айтқа төрт көзіміз түгел аман жетейік, ағайын! Сіздерді жақсы көреміз", – деп жазды эстрада жұлдызы.
-
"Барлық қымбат дүкенге кірдік": Ерке Есмахан Дубайдағы демалысын көрсетті
-
"Дайын үй ала саламыз": Ерке Есмахан вилласының бітпей тұрғанын айтты
Алайда оқырман қауымның арасында әншіні қызды болуымен құттықтап жатқандар да табылды.
"Қызды болды дегені қайда? Аман-есен қол-аяғыңды бауырыңа ал, Ерке", "Жаңа ғана сізді босанды, қызды болды деген жаңалық шыққан, сіз үшін қуанып отырсам, аман-есен босанып, бөпеңізді қолынызға алыңыз", – деп жазды желі қолданушылары.