Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қыздардың соңынан әйелдер дәретханасына кірген: Алматыда ер адам екі қызға азғындық жасамақ болды

Алматыдағы MEGA Alma-Ata сауда үйінде ер адам екі қызға шабуылдады. Ер адам екі қыздың соңынан әйелдер дәретханасына кірген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

MEGA_Alma-Ata

"Қыздардың бірі дәретханадан шығып, анасын көмекке шақырып үлгерді. Анасы сауда үйінің күзетшісін шақырды. Күдіктіні сауда үйінің қауіпсіздік қызметі ұстап, полицейлерге табыстады. Қыздардың ата-анасы полицияға арыз жазды", - дейді орталықтың баспасөз қызметі.

Алматы полиция департаменті күдіктінің кәмілетке толмағандарға қатысты қылмыс үшін ұсталып, уақытша ұстау абақтысына жеткізілді. Ол 32 жастағы ақтөбелік азамат. Бұған дейін бүлдіршінге азғындық жасағаны үшін істі болған. 

Оның әрекеттері "Жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" және "Кәмелетке толмаған баланы азғындау" бабы  бойынша қаралды.

"Тергеу ісі Алматы қаласының полициясы мен қалалық прокуратураның бақылауында. Тиісті сараптама тағайындалды", - деп мәлімдеді Алматы қалалық полиция департаменті.

Талқылау