"Қыздар қоқыс па сонда?": Ұлын артығырақ көретін қазақстандық әйелдің жауабы желі қолданушыларының шамына тиді

Видеодан скриншот
Астаналық әйелдің ұлына немесе қызына – кімге пәтер сатып алатыны туралы сауалнама сұрағына берген жауабы желіде қызу талқыға түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әйел "Үйді ұлыма алып берер едім. Өйткені қазақтар үшін ұл қызға қарағанда жақын" дейді. Видео 20 000-нан астам қаралым мен 500-ден астам пікір жинады. Желі қолданушылары ашуланып, сол сәтте қызының қасында болғанын атап өтті.
"Біз байғұс қыздың өмір бойына психологиялық жара алғанына куә болдық", "Қыздар, бірінші әйелді естеріңде сақтап алыңдар және оның ұлынан аулақ болыңдар", "Қазақтар үшін ұл жақын, ал қыз асыранды ма екен?" деп жазды желідегілер.
Сауалнама Астанада жүргізілді. Тұрғындарға егер балаларына үй сатып алу мүмкіндігі болса, қай баласына алып берер еді деген сұрақ қойылды.
Көпшілігі қыздарына пәтер сатып алатынын айтты, бірақ кейбіреулер, осы әйел сияқты, ұлдарын таңдады.
Еске салсақ, Аты-жөнін Ұлболсыннан Айшаға өзгерткен қазақ қызы желіде қызу талқыға түсті.
Астанада тіс емдеу кезінде көз жұмған 3 жасар қыздың өлімі: Сотта жаңа күмәндер мен сараптамалық қайшылықтар туындады