Қызбен танысу үшін келген: Бағдарлама жүргізушісі ер адамның сырт келбетін келемеждеп, күлкіге айналдырды
Видеодан скрин
Қазақстандық телешоу төңірегінде жанжал туындады. Жобаға қызбен танысу үшін келген ер адамды бағдарлама жүргізушісі мен кейіпкерлері эфир барысында қорлап, келемеждеген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бағдарламаның үзіндісі әлеуметтік желілерде кең тарап, көпшіліктің ашу-ызасын туғызды.
Оқиға ер адамдар болашақ жарын табу үшін қатысатын ойын-сауық бағдарламасының эфирінде болды. Камалладин есімді жас жігіт сахнаға қарапайым күнделікті киіммен шыққан.
Жігітті кемсітуді жүргізуші әйелдің өзі бастаған.
"Сіз осы түрмен үйленуге келдіңіз бе?”, – дейді жүргізуші.
Ал жігіт болса, жымиып “иә” деп жауап берді.
Осыдай кейін жүргізуші қатысушының тек сырт келбетіне емес, жеке басына да тиісіп, мазақ ете бастайды:
"Әлде базарға келдің бе? Неге дұрыстап киініп келмедің? Үстіңдегі не киім? Достарыңнан, тым болмаса бір жейде сұрап киюге болмады ма? Күмісай, сен осындай адамға тұрмысқа шыққың келе ме? Гүл қайда, сақина қайда?”, – дейді жүргізуші әйел.
Студиядағы басқа қатысушылар мен көрермендер де жігітке жабыла кеткен.
“Қыз алуға келдің бе, әлде малға ма?”, “Киіміңе қарасақ, моншаға түсу үшін от жағып жүрген сияқтысың”, “Шашыңды жуып алсаң қайтеді?”, “Мына гүлдер тірі емес қой, бәлкім 1500 теңгеге алған шығарсың”, – дейді залда отырғандар.
Қысымға шыдамаған Камалладин студиядан шығып кетеді, бұл сәт те эфирде көрсетілген.
Бағдарламаның видоесы әлеуметтік желілерде жылдам тарады. Көпшілік көрермен жүргізуші мен қатысушылардың әрекетін қатты сынға алса, кейбірі оқиғаны “хайп үшін жасалған әдейі ұйымдастырылған” деп бағалады.
Видеоға жазылған пікірлерде көпшілік бағдарламаны жабуды талап етуде:
“Бұл шоу, бәрі сценарий бойынша”, “Хайп үшін... Бірақ ер адамның мұндайға келіскені ұят. Ешқандай ақша мұндай қорлауға татымайды деп ойлаймын”, “Жауып тастау үшін бұл бағдарламадан жаппай бас тартайық”, - деп жазды желі қолданушылары.

"Баласы бар әйелге міндет арту – сауатсыздық": Қазақстандықтар сәбиі бар үйге қонаққа баратындарды сынады
