Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қыз қорлық көрген": Ресейде 8-сынып оқушысы мектепте атыс шығарып, екі адам қаза тапты

Ресейдің Брянск қаласындағы мектептердің бірінде атыс болып, қауіпсіздік күштері ғимаратты қоршауға алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Mash Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: bryansk-news.net

Атысты 8-сынып оқушысы жасаған. Алдын ала мәлімет бойынша, 8 "А" сынып оқушысы биология сабағында, гимназияның төртінші қабатына көтеріліп, кеңсеге кіріп, оқ жаудырған. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, атыс кезінде үш адам жараланып, қыз өз-өзіне қол жұмсаған.

Baza Telegram арнасының хабарлауынша, сегізінші сынып оқушысы екі адамды, яғни сыныптасы мен мұғалімнің бірін атып тастаған. №5 гимназиядағы атыс кезінде жарақат алған екі оқушының бірі жансақтау бөлімінде жатыр, оның өміріне қауіп төніп тұр.  Екіншісінің жағдайы тұрақты, орташа ауырлықта.

Ресейлік БАҚ-тың айтуынша, қыз әкесіне тиесілі Бекас-3 аңшы мылтығымен оқ атқан.

Тергеу комитеті адам өлтіру дерегі бойынша (РФ Қылмыстық кодексінің 105-бабының 2-бөлігі) іс қозғалғанын хабарлады. Атыс жасаған оқушының әкесі тергеушілерге жауап алуға әкелінді.
 

Mash Telegram-арнасының хабарлауынша, атыс жасаған сегізінші сынып оқушысы мектепте қорлық көрген. Бүгінгі қайғылы оқиғаға бірден бір себепкер осы болуы мүмкін. Себебі 8-сынып оқушысы жігіттерге қарай оқ жаудырған.

"Атыс биология сабағында болды. Алина қаруын алып, оқ жаудырған сәтте балалар партаның астына тығылмақ болды. Мұғалімдер қызды ақылға шақырғысы келді, бірақ ештеңе шықпады. Алинамен бірге екі адам қаза тапты. Тағы төртеуі жарақат алды", – деп жазады Mash.

Талқылау