Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қыз бала - маркер": Қыздарды тауарға теңеген Омар Жәлел алқаби болып сайланды

Әйелдерге қатысты бірнеше рет даулы пікір білдірген филолог, абайтанушы Омар Жәлел Қазақстанның алқабиі немесе халық соты болып сайланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия арнасына сілтеме жасап.

Осыған дейін әйелдерді маркер мен тауарға теңеп, оқушы қыздарды білімге емес, тезірек тұрмыс құрып, босануға үгіттеген Омар Жәлелдің сөздері көпшіліктің наразылығын тудырған еді. Ол “Қыз бала маркер сияқты. Маркер жазбаса, оның пайдасы жоқ. Дәл сол сияқты қыз бала босанбаса, оның қоғамға пайдасы жоқ” деген сөзден соң кенет талқыға түсіп, лезде танылды. Енді оның Қазақстан халық соты болуына қатысты жағымсыз пікірлер пайда болуда. Еліміздің бас биін кім таңдағаны және оның қалай сайланғаны көпті ойландырады.

Жәлелдің орынбасарының айтуынша, дауыс беру Түркістан облысында өтті. Онда елдің 9 аймағының өкілдері жиналды. Нәтижесінде екі жүзге жуық адам Омарға дауыс берді.

"Барлық жиналғандар Шымкентке өз еркімен, өз қалауымен келді. Омар Жәлелге жиылған қауым бірауыздан дауыс берді. Негізінде, ол өткен жылы алқаби атануы керек еді. Бірақ бұл лауазымға 70 жастағы ата өзін ұсынғандықтан, Омар оған өз орнын берді. Биыл адамдар оны қайтадан таңдады. Ол келісті", – деді Қазақстан бас биінің орынбасары Табиғат Әлібекұлы.

Осылайша Омар Жалел Қазақстанның бас биіне айналды. Ежелгі уақытта құрметті адамдар бұл атаққа ие болған. Олардың пікірін халық ұйып тыңдап, сыйлаған. Ал бүгінгі таңда би – қоғам белсендісі ретінде жүреді. Ол ресми түрде еш жерде тіркелмейді және депутаттар сияқты мандаты жоқ. Бірақ ол адамдардың мәселелерін шешуге көмектеседі және белгілі бір медиатор болып табылады. Омардың міндеттері осындай. Бұл үшін жалақы төленбейді. 

"Бізде мөрі, кеңсесі бар, бірақ халыққа ешқандай пайдасы жоқ ұйымдар көп. Бірақ мәселе бұл туралы да емес. Олар халықтың жүректеріне мөр қалдыру керек. Қазіргі қазақстандықтарға әлеуметтік реттеудің дәстүрлі тетіктері қажет және бұл жоғарыдан келетін нәрсе емес. Бұл халықтың ішінде пайда болатын қозғалыс", − дейді жаңа бас би.

Алайда Абайтанушының жаңа лауазымға келуіне көпшілігі қарсы. Қоғам өкілдерінің айтуынша, әйел адамды сыйлау білмейтін адам әділ би бола алмайды. Осы тектес көзқарасты тіпті саясаткерлер, соның ішінде депутат та ұстанады.

“Менің ойымша, бұл – әйел затын қорлау, қате шешім. Кім оны мойындайды, кім оған құлақ асады? Оны тіпті танымайтындар көп. Алқаби танымал, қоғамда беделі бар адам болу керек деп санаймын”, – деді сенат депутаты Нұртөре Жүсіп.

Филология ғылымдарының кандидаты төрт ай бас би қызметін атқарады. Төрт айдан кейін жасалған жұмыстары бойынша есеп беруі тиіс. Егер халықтың көңілі толмаса, ол өз қызметін тоқтатады.

Талқылау