Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытаймен шекарадағы "Қорғас" кедені екі аптаға жабылады

Фото: Синьхуа

Қытаймен шекарадағы “Қорғас” халықаралық шекара ынтымақтастығы орталығы 16 ақпаннан 1 наурызға дейін жұмысын уақытша тоқтатады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қытай осы кезеңде көктем мерекесін (Ай Жаңа жылы) тойлайды. Орталық жабық болғанымен, туристердің жайлылығын жақсарту үшін Қазақстан жағында жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізіледі.


Қол астындағыларға ұлының оқу ақысын төлеткен: Қызылордада "Қорғастың" бұрынғы басшысы сотталды


“Қорғас” шекара бекетінде жасырын казинолар жұмыс істеп келген


Қорғас 2 наурызда қалыпты жұмысын қайта бастайды.

16-18 ақпан аралығында Қытайдағы көктем мерекесіне байланысты Қазақстан-Қытай шекарасындағы көлік өткізу пункттері де жабылады. Осы кезеңде адамдардың, көліктердің және жүктердің өткізу пункттері арқылы өтуі тоқтатылады. Дегенмен теміржол өткізу пункттері қалыпты жұмысын жалғастырады.

Айта кетейік, бұған дейін Бір топ шабандоз Алматы-Қорғас тас жолында көкпар ойнағаны туралы жазған едік.

Жұмаділлә Нұрила
Дүйсенбі, 02 Ақпан, 2026 21:45