Бір топ шабандоз Алматы-Қорғас тас жолында көкпар ойнады (видео)
Алматы облысы Еңбекшқазақ ауданыда бір топ көкпаршы Алматы-Қорғас тас жолында көкпар ойнап, жолды жауып қалды. Жол қозғалысына кедергі келтіргені үшін олар жауапқа тартылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин
Облыстық полиция әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында жол ережесін бұзған бір топ шабадозды анықтады.
“Құқық бұзушыларды учаскелік полиция қызметкерлері анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Жаяу жүргіншілер мен жол қозғалысының басқа да жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін ер адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылды”, – делінген хабарламада.
Көкпарды ұйымдастырушы Еңбекшіқазақ аудандық сотының үкімімен 7, төрт қатысушы 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. Ал қалғандары айыппұлмен құтылды.
Бұған дейін де Алматы облысында көкпар ойнағандар жауапқа тартылған еді.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген