Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытаймен сауда тоқтаған жоқ: Шекара жабылды дегенді сылтау еткен саудагерлер негізсіз бағаны өсірген

Коронавирус төңірегіндегі шудан пайда тапқысы келетіндер жазаланады. Шекара жабылғанын сылтауратып, бағаны шарықтатқан сатушылар туралы хабар беріңіздер, деп сауда министрлігі халықтан көмек сұрауда. Сөздерінше, импорт-экспорт жағынан мәселе жоқ. Бірақ аспанасты еліне турпакеттер сатып қойған фирмалар шығын көріп отыр екен. Демалысы бұзылған отандастарымыз енді қайтпек?

Қытаймен сауда тоқтаған жоқ: Шекара жабылды дегенді сылтау еткен саудагерлер негізсіз бағаны өсірген

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Евразия арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Құрметті журналистер, шекара 3 ақпаннан бастап Қытаймен шекараға іс жүзінде жабылды. Бүгін соңғы ұшақтар біздің азаматтарымызды әкеледі. Ертеңнен бастап тікелей әуе қызметі тоқтайды", - деді Жандарбек Бекшин.

Бар дүрбелең Бекшин мырзаның мына мәлімдемесінен кейін басталды. Кей басылымдар Алматыдағы барахолкадағы саудагерлер банкрот алдында тұр деп жария етті. Қорғас тоқтаған соң, тауар жеткізу қиындаған көрінеді.

"Қытаймен шекара жабылғандықтан, бағаны өсіруге мәжбүр болдық" деген сатушылар да шығыпты. Бүгін үкімет отырысан келген сауда министрі екі ел азаматтарының өзара қозғалысы тоқтағанымен, тауар жеткізуде еш өзгеріс жоғын айтты. Жоқ нәрсені сылтауратқандар болса, айыппұл салдырамыз деп отыр.

"Сатушылар бағаларын көтеріп отырса, бұл ақпаратты бізге беру қажет. Ал біздер тиісті органдар монополияға қарсы органдар, салық органдары тиісті жұмыс жүргізіп, талдау жасап, себепсіз бағаларды көтерген сатушыларға тиісті заңмен белгілі шараларды қабылдайды", - деді Бақыт Сұлтанов.

"Індет тауар арқылы да тарайды ғой" деген дабыраға тағы Бекшин мырза жауап берген еді. "Вирус тірі жаннан жұғады, оның үстіне дене қызуы жоғары болса ғана" деген болатын.

"Коронавирус 37 градуста сақталады. Сондықтан, көріп отырсыздар ғой, бұл вирус жануарлардың ішінде, ағзасында сақталып жүреді, көбірек өмір сүреді деп айтуға болады. Сондықтан, сыртқы ортада бұл вирус тұра алмайды, ол тез жойылады", - деді еліміздің бас санитар дәрігері Жандарек Бекшин.

Кәсіпкерлер палатсының төрағасы да оны растады. Тек екі ел арасындағы туристік қатынастың қиындайтынын айтып қалды.

"Келіп жатқан тамақ, тірі мал, ол жүрмейді, әрине, онда вирустың таралымы қаупі бар. Ал жалпы басқа тауарлар жүріп жатыр. Егер темір жол саласы бойынша. Ал адамдардың кіру қатынасы, туризмге қазір тосқауыл қойылған. Бірақ оны түсіністікпен қарау керек. Өйткені елдің қауіпсіздігі бірінші орында болуы керек", - деді "Атамекен" ұлттық палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов.

Әсіресе, Хайнаньға күні бұрын пакеттерді сатып қойған операторлар шығынға батып жатыр екен. Қыс болса да, ол бағыттың қазір қызып тұрған шағы. Туристік қор оларға қолғабыс етеміз, дейді. Демалысын аспанасты елінде өткізуді ұйғарған азаматтарға бірнеше нұсқа ұсынылып отыр.

"Қытайға шығуды жоспарлаған туристерге 3 нұсқа ұсынылып отыр. Саяхат мерзімін сол туроператор арқылы шегеруге болады немесе Қытайдан басқа елге сапарлау мүмкіндігі беріледі. Ал егер турист басқа елге баруды қаламай, уақыты ыңғайсыз десе, келісімшартқа сәйкес, ақшасы қайтарылады", - деді "Туристік қамқор" корпоративтік қорының төрағасы Хрип Инна Рей. 

Осы айда тек Хайнаньға 6 әуе рейсі жоспарланған екен. Әрбірінде 200 орын болған. Билеттері әлдеқашан сатылып қойған көрінеді. Демек, кем дегенде 1 200 отандасымыз ақпан айында Қытайға баруды жоспарлапты.

Талқылау