Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайлық коронавирус Финляндияға жетті

Финляндия билігі елдегі коронавирусты жұқтырған адам бар екендігін растап отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қытайдағы вирус

Арты өлімге соғатын вирусқа 32 жастағы азаматша шалдығыпты. Ол індеттің эпицентріне айналған Уханьнан келген көрінеді. Тағы 15 адам сырқатты жұқтыруы мүкін деген күдікке ілінген. 

Коронавирус осымен 18-ші мемлекетке жетіп отыр. Науқастардың көпшілігі қытайлықтар екен. Бір күн ішінде ауруды жұқтырғандардың саны 2000-нан асқан. Вирус Қытайдан Таиландқа, Малайзияға, Жапония мен Сингапурге, АҚШ және Вьетнамға таралған. Ал осы аптада індет Францияда, Автралияда, Германияда, Канадада, Үндістанда, БАӘ-де және Тибетте тіркелген. 

Инфекцияға шалдыққандардың саны күн санап артуда. Қытайлық дәрігерлер болжалды түрде ауруды жұқтырғандар 9000-ға жетуі мүкін дейді. Осыған байланысты ДДСҰ дабыл қағып, тағы да кеңес отырысын шақырған. Осы жиында әлемде төтенше жағдай жариялау қажеттілігі туралы талқыланады. 



 

STAN.KZ
Бейсенбі, 30 Қаңтар, 2020 21:13
Талқылау