Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Қытайлық компания жануар тілін адамдарға түсінікті етуді жоспарлап отыр

Фото: Pixabay.com

Жасанды интеллект енді жануарлар тілін адам тіліне аударады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі South China Morning Post басылымына сілтеме жасап хабарлады.

Қытайлық жасанды интеллект алыбы Baidu жануарлардың дыбыстарын адам тіліне аударуға арналған технологияға патент берді. Өтінім желтоқсанда берілген. Мұндай жаңалықты Қытайдың ұлттық зияткерлік меншік әкімшілігі 6 мамырда мәлімдеді.

Аударма әдісі белгілі бір түрден әртүрлі деректерді, соның ішінде дауыс, дене тілі, мінез-құлық өзгерістері және басқа да биологиялық сигналдарды жинау арқылы жасалады. Жүйе ақпаратты мақсатты тілге түрлендіруден бұрын эмоцияны анықтау үшін талдайды. Технология нейрондық желілерді және машиналық оқытуды пайдаланады.


Алматыда үй жануарларымен серуендеген кезде тұмылдырық кигізу міндеттелді


Міндетті чиптеуден кейін қазақстандықтар үй жануарларын далада қалдырып жатыр – Депутат


Өтінімдерді бағалау процесі бір жылдан бес жылға дейін созылуы мүмкін.

Baidu технологияны пайдалануға қатысты өз ниетін нақтылаған жоқ. Сондықтан жануарларды түсінуге арналған жаңа қосымшаның жариялану-жарияланбауы белгісіз. 

Еске салсақ, Қытайда үй жануарларын клондау белең алаң алғанын жаздық.

Қырмызы Скендирова
Жұма, 09 Мамыр, 2025 14:38
Талқылау