Қытайлық қазақ Тайлақ Нұражы Шанхайдағы UFC Fight Night турнирінде Сонг Кенанның орнына шығады
Фото: Алена Узева
Қытайлық файтер Тайлақ Нұражы (11-1) 23 тамыз күні Шанхайда өтетін UFC Fight Night турнирінде жекпе-жекке шығатын болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Аzamatsportkz Instagram арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Дереккөздің мәліметінше, ол ирландиялық жартылай орта салмақ өкілі Кифер Кросбиге қарсы өтетін жекпе-жекте Сонг Кенанның орнына шығуы мүмкін. UFC тарапынан ресми хабарлама жақын күндері жарияланады деп күтілуде.
24 жастағы Нұражы спорттық мансабында 11 жекпе-жек өткізіп барлығын жеңіспен аяқтаған. Қытайлық файтер барлық кездесуді мерзімінен бұрын ұтқан. 10 жекпе-жекті нокаутпен жеңген.
Шанхайдағы турнирде Тайлақпен бірге Қазақстан атынан шығатын тағы бірнеше спортшы бар. Атап айтқанда, жартылай жеңіл салмақта Сайран Нұрданбек (UFC-де 3 жеңіс, 3 жеңіліс), жеңіл салмақта Мақсат Қайсар (2 жеңіс, 3 жеңіліс), сондай-ақ жартылай ауыр салмақта Дияр Нұрғожай октагонға шығады. Ол Қырғызстан өкілі Уран Сатыбалдиевпен кездеседі.
Талқылау

Үлескерлерге қатысты заң өзгереді, Трамптың 25%-дық баж салығы күшіне енеді: Қазақстанда 1 тамыздан бастап не өзгереді
1 тамыздан бастап үлескерлерге салынып жатқан ғимараттардағы тұрғын үй үшін қолма-қол ақша төлеуге тыйым салынады

“Келіндік міндетім жоқ, үй шаруасын 5 қызметші атқарады”: Үнді жігітіне тұрмысқа шыққан қазақ қызы ерекше өткен тойы мен салты туралы айтып берді
Айгерім: “Келіндік міндетім жоқ, үй шаруасын 5 қызметші атқарады”