Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайлық дәрі-дәрмектер мен жақпа майларды пайдаланған Шымкент тұрғыны жансақтау бөліміне түсті

Шымкентте дәрігерлер аллергияның ауыр түріне шалдыққан науқасты аман алып қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Шымкент қалалық №2 ауруханаға 54 жастағы науқас жеткізілді. Халі мүшкіл пациент бірден жансақтау бөліміне жатқызылды.

Науқас денесінің барлық жерінде іріңді бөртпелердің бар екенін айтып, денесі қызғанын, басы айналып, құсатынын айтты. Әйел 5 күн бойы ауырған.

"Науқас дертін тамақ немесе шаң-тозаңнан көрмейді. Ол қытайлық дәрігердің қабылдауында болып, әртүрлі шөптік тұнбалар қабылдаған, жақпа майлар қолданған. Емінің төртінші күнінде жоғарыда айтылған шағымдар пайда болған. Келген кезде  терісінің 90%-ы зақымдалған. Терісі күйік шалғандай бөртіп қызарған, кей жерлерін іріңді бөртпе басқан. Беті, көзі, қолдары ісінген", – дейді емдеуші дәрігері Жанат Төлебайқызы.

Науқасқа жансақтау бөлімінде 2 апта бойы ем жасалды. 3 сеанс гемофильтрация арқылы қаны тазартылды. Содан кейін палатаға ауыстырылып, қабынуға және интоксикацияға қарсы десенсибилизация ем қабылдады. Қазіргі таңда әйелдің жағдайы жақсы.

Талқылау