Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайлық BYD ең жылдам сериялық көлік атанды: Электромобиль небәрі 10 минутта 30%-дан 80%-ға дейін қуатталады

BYD ең жылдам көлік

Фото: topgear.com

Қытайлық BYD YangWang U9 гиперкарының Xtreme деп аталатын жаңа нұсқасын ұсынды. Гиперкар Германиядағы тректердің бірінде сағатына 496,22 шақырым жылдамдықпен жүріп, әлемдегі ең жылдам сериялық көлік атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Көлікті кәсіпқой пилот Марк Бассенг басқарды. Төрт қуатты электрлі мотор орнатылған көлік алдымен сағатына 450 шақырым, кейін 470 шақырымнан асып, нәтижесінде сағатына 496,22 шақырымға дейін жүйіткіген. Жүргізуші бөгетке соғылып қалмау үшін жылдамдықты түсірген, алайда көлік сағатына 500 шақырым жылдамдықпен жүре алар еді. 
Осылайша қытайлық BYD 2019 жылы Bugatti Chiron Super Sport 300+ орнатқан (сағатына 490,5 шақырым) рекордты жаңартты.

Жаңартылған BYD YangWang U9 стандартты нұсқадан аэродинамикалық жабдықтарымен ерекшеленеді. Соның ішінде карбоннан дайындалған сплиттер, қосарналы капот пен үлкен антиқанаттары, екі деңгейлі диффузоры бар. Оның үстіне электрлі көлік 30%-дан 80% дейін небәрі 10 минутта қуатталады. Ал жалпы күші 2978 ат күшіне тең. 

Назархан Уән
Дүйсенбі, 22 Қыркүйек, 2025 14:10
Талқылау