Қытайлық азаматтарды ұрып, айыпталған қазақстандықтардың соты: Алматы облысының тұрғындары жерлестерін қолдауға келді (видео)
Алматы облысының тұрғындары өзінің жерлестерін қолдау үшін сот ғимаратының алдына жиналды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Естеріңізге салайық, 7 желтоқсан күні Алматы облысының Ақсу ауданында "Алматы-Өскемен" тас жолының құрылысы кезінде «Citic Construction» ЖШС-нің жұмысшылары мен қытайлық азаматтардың арасында төбелес орын алған еді.
Артынша Қытай азаматтарын соққыға жыққаны үшін 5 қазақ жігіті cотталды. Қызылағаштық бес жігітті қолдауға келген халық сот залына мүлде симай қалған.
Сот отырысы жәбірленушілердің толығымен келмеуіне байланысты сот 24 желтоқсанға шегерілген еді.
Бұған дейін Алматы облысында қытайларды ұрғаны үшін істі болған азаматтар босатылатындығы айтылған еді.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”