Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайлық азаматша коронавирус жайлы: "Ағам көз жұмды, әкемнің жағдайы ауыр. Карантинде жатып көз жұмғанша, үйде өлгеніміз жақсы"

Қытайдың Вэньцзюнь Ван есімді азаматшасы коронавирус инфекциясының ошағына айналған Ухань қаласының тұрғыны. Сөзінше, ол отбасымен бірге осында бірнеше жылдан бері тұрады. Әйел біздің күніміз не болады деп шырылдауда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Вэньцзюнь Ван мен оның туыстары 23 қаңтардан бері қаладан шыға алмай отыр екен. Себебі осы күннен бастап қалада карантин жарияланып, Уханьге келетін және шығатын барлық жолдар жабылған. 

Естеріңізге салайық, қазіргі күннің өзінде ауруды 24,3 мың адам жұқтырыпты, ал көз жұмғандардың саны 490-ға жетіпті. 

Ақпараттың қаладан сыртқа шығуы өте қиын көрінеді. BBC журналистері Вэньцзюнь Ванмен хабарласып, оның қазіргі тұрмысы жайлы біліпті. !йелдің айтуынша, олар отбасыларымен бірге өліп қалмаудың амалын жасап жүрген көрінеді. 

"Коронавирус індеті басталғаннан бері менің туыс ағам көз жұмды. Әкемнің жағдайы ауыр. Анам мен әпкемнің бойларынан аурудың белгілері байқала бастады. Олардың өкпесі қабынғандығы анықталды. Менің інім де кейін кезде жөтеліп, қиын тыныс алып жүр. Әкемнің дене қызуы 39,3 градусқа дейін көтерілді. Ол да әрең демалады. Қазір ол жасанды тыныс алу құрылғысына қосылды. Әкем батыстың дәрісімен қатар, халық медицинасын да қабылдап жатыр. Ол ауруханаға жатқызылмады, себебі оның бойынан ресми түрде вирусты таба алмай жатыр. Менің әпкем мен анам аурухананың табалдырығын тоздырды. Өздерінің ауырғандығы тағы бар. Ем қабылдау орталықтары әкемді қабылдаудан бас тартып отыр", - дейді әйел. 

Сөзінше, карантинда жатқан адамдардың жағдайы әкесінікімен салыстырғанда қиын емес екен.

"Ухань карантинде жатқандардың жағдайы ауыр емес. Ол жерге аурудың белгілері енді шығып жатқан адамдар ғана жатқызылады. Ал менің әкем секілді адамдарды қабылдамайды. Менің туыс ағам осындай карантин бөлімдерінде көз жұмды. Өйткені ол жерде тиісті ем шаралары жүргізілмейді. Карантин бөлімдері аурухана ма деп ойладық, алайда ол жерді мүлдем медицина орталығы деп айтуға болмайды.Ауырғандарға билік көмектеспейді. Карантин бөлімінде дәрігерлер де, медбикелер де, тіпті жылу жүйесі де жоқ. Ол жақта жатқан адамдарға бір-ақ рет қана тамақ берген. Науқас ағамды ешкім қарамаған, сонда жатып өзі көз жұмған. Біз каратин бөлімінде көз жұмғанша, үйде жатып өлген жақсы. Әкемді онда жібергіміз келмейді", - дейді Ван. 

Қазіргі кезде қытайлық індет басқа елдерге таралып үлгеріпті. Қазірдің өзінде Қытайдан бөлек, коронавирус 23 мемлекеттен табылыпты

STAN.KZ
Бейсенбі, 06 Ақпан, 2020 11:41
Талқылау