Қытайлық әуекомпания бортында литий қуаттағышы жарылып кетті

Видеодан скриншот
Қытайда Air China рейсінің бортында литий қуаттағышынан өрт шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі South China Morning Post басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға 18 қазанда Ханчжоудан Сеулге (Инчхон) бағыт алған CA139 рейсінде болған.
Әуе компаниясының хабарлауынша, жолаушылардың бірінің сөмкесіндегі литий қуаттағышы өздігінен тұтанған.
Экипаж өртті тез арада сөндірді. Бортта ешкім зардап шеккен жоқ.
Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ұшақ Шанхай Пудун халықаралық әуежайына жоспардан тыс қонуға мәжбүр болды.
Air China хабарлауынша, рейс таңғы сағат 9:47-де ұшып, Инчхонға 12:20-да жетуі керек еді.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген