Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда ұшып жүрген қытайлық тыңшы кептерлердің құпиясы анықталды

Былтыр қазан айында Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары қанаттарында қызыл қытайлық жазу бар, аяқтары мен мойындарына микрочип орнатылған кептерлерді көріп, біраз әбігерге түскен еді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап. 

кептер

Айтылған кептерлер туралы ақпарат ең алғаш төрт жыл бұрын таралған. Осы кезде Бекалқа ауылының тұрғындары мойнына қара пластикалық сақина тәрізді зат оралған кептердің өлі денесін тауып алған. Бұған қоса сақинада алты түрлі сан жазылған, ал кептердің аяғында микрочип секілді зат болған. Ал қанаттары қызылмен жазылған қытайлық иероглифтермен безендіріліпті. 

Былтырғы жылы жағдай тағы бір рет қайталанған. Бұл жолы Қатон-Қарағай ауданының тұрғындары дәл осындай құрылғылар орнатылған тірі кептерлер көрген. Аталған жағдай бойынша орман шаруашылығы мен жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз-хатшысы Сәкен Ділдахмет түсініктеме берді. Өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында ол бұл кептерлердің спортшы құстар екендігін жазыпты. Олардың денесінде орналасқан микрочиптер мен басқа да құрылғылар кептерлердің қайда жүргендерін бақылап, олардың жағдайы туралы ақпарат жинастыруға мүмкіндік беретін көрінеді.  

"Арнайы кептерлер тұқымдастарын шығарумен мамандандырылған құс фермалары айналысады. Олардың бірі Үрімшінің Ұйғыр автономдық ауданының орталығы Синьцзянда орналасқан. Құс фермасын мекендейтін кептерлер кей кездері шекаралас жатқан жақын аудандар - Алматы мен Шығыс Қазақстан облыстарына 700 км қашықтыққа ұшып келеді", - деп жазыпты Сәкен Ділдахмет Facebook парақшасына. 

 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Еңбек министрлігі әйелдердің неліктен ерлерге қарағанда зейнетке көп ақша жинау керектігін түсіндірді

Біржан Нұрымбетов зейнетақы жинақтарын алу үшін жеткіліктілік шегін есептеу туралы айтты

Қазақстанның бас санитар дәрігері: Жалған ақпаратты тоқтатуларыңызды сұраймын

Қазақстанда коронавирустің жаңа түрінің таралуы туралы қауесет расталмады

Қазақстан Fed Cup-ты қабылдамады: Теннис матчы Қытайда өтуі тиіс болған

Матчты Қытайдың Дунгуан қаласынан Нұр-Сұлтанға ауыстыру ұсынылған еді

Қытайға пойыздар мен автобустардың қозғалысы тоқтатылады

Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігінде хабарлады

Қытайдан Нұр-Сұлтанға келген қыздың Гонконг тұмауымен ауыратыны анықталды

Қазақстанның бас санитарлық дәрігері: Қызда H3N2 тұмауы бар. Бұл анық

Сарапшылар қытайлық коронавирустың Қазақстан экономикасына әсерін айтты

Коронавирус індетінің әлемдік экономикаға теріс әсері күшті болады

Алматы полиция департаментінің басшысы тағайындалды

Бұл орындағы Серік Күдебаев басқа қызметке ауысты

Депутат премьер-министрден қазақстандықтарды Қытайдан шығаруды сұрайды

Депутаттар Ухань қаласынан басқа қалалардағы қазақстандықтарды елге қайтаруды қалайды

Америка Қытайдың қауіпті аймағынан азаматтарын эвакуациялады

240 америкалық Ухань қаласынан эвакуацияланды

Әйелі әйгілі фамилияда: Ресейдегі жаңа елші Ермек Көшербаев пен отбасы туралы не белгілі

Көшербаевтың әйелінің туысы Ален Чайжүнісов елбасының немересі Венера Назарбаеваға үйленген
Çàãðóçêà...