Қазақстанда Taobao ресми іске қосылып, орыс тілді қосымшасы пайда болды
Фото: Getty Images
Қытайдың танымал онлайн сауда платформасы Taobao орыстілді мобильді қолданбасын ұсынып, бүгін Қазақстанда ресми іске қосылғанын жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттгі хабарлайды.
Taobao қазақстандықтарға тауарлардың егжей-тегжейлі сипаттамасын ұсынып, бағасын теңгемен есептеп береді. Қазір Taobao желісінің бүкіл Қазақстан бойынша 200-ден астам қабылдау пункті бар. Алматы, Астана және еліміздің басқа өңірлерін қамтиды.
Taobao – шағын бизнеске және “тұтынушы-тұтынушыға” моделі бойынша сауда-саттыққа бағытталған Қытай интернет дүкені. Интернет дүкен сатып алушы мен сатушы арасында делдал ретінде әрекет етеді. Taobao-ны Alibaba Group компаниясы жасап шығарған. Бұл иентернет дүкенде киім-кешектен тұрмыстық техникаға дейінгі өнімдердің кең ассортименті ұсынылған.
Similarweb мәліметтері бойынша, ай сайын 172 миллион пайдаланушыны қамтитын интернет дүкен әлемдегі ең көп кіретін сайттар арасында 123-орында тұр.

Алматыда күзетші мейрамханаға келген қызды сүйреп шығарып жіберген: Көпшілік ресторанға бойкот жариялады
