Қытайдың бұрынғы басшысы денсаулығының нашарлауына байланысты ҚКП съезінің жабылу салтанатынан кетіп қалды
Қытай Халық Республикасының бұрынғы төрағасы Ху Цзиньтао денсаулығына байланысты Қытай коммунистік партиясының (ҚКП) 20-шы съезінен кетіп қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Синьхуа агенттігі Twitter-де хабарлады. Агенттік тілшісі Лю Цзявэньның айтуынша, Ху Цзиньтаоның денсаулығын қалпына келтіруге әлі де біраз уақыт қажет болған. Алайда оның конвенцияға қатысуы талап етілген.
Қытай Халық Республикасының бұрынғы басшысы өзін нашар сезінген бойдаа көмекшілері оны кездесу өтетін орынға жақын бөлмеге апарған.
ҚКП 20-шы съезі 22 қазанда аяқталды. Онда партияның Орталық комитетінің жаңа құрамы сайланды. Ху Цзиньтао жабылу рәсімінен қатыспады. Ал жарияланған кадрларда 79 жастағы саясаткерге орнынан тұрып, залдан шығу үшін екі ер адам көмектескен. ҚХР-ның қазіргі басшысы Си Цзиньпин жағдайды бақылауына алды.
Талқылау

Шымкенттік кәсіпкер Айгүл Орынбекті 10 миллион теңгеге алдап кетті деп айыптады: Бұл оқиға немен аяқталды?
Осы шудан соң Айгүл Орынбек Ұлттық құрылтай құрамынан шығарылғаны хабарланды

Ата-аналар жекеменшік мектептердегі оқу ақысының қымбаттауына наразы: Биыл білім алу құны қаншаға өсті?
Haileybury Astana-да 10-13 сынып оқушысына бір жылда 18,1 миллион теңге кетеді