Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайдың бас консулы: Жаман ниетті адамдар Қазақстанмен қатынасымызға дақ түсірмекші

Қытайдың бас консулы жаман ниетті адамдар Қазақстан мен Қытай қатынасына дақ түсіргісі келетінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі silkroadnews агенттігіне сілтеме жасап.

Бас консул Қазақстан мен Қытай арасындағы қатынасқа жаман ниеттілердің дақ түсіргісі келетінін айтты

Қытайдың бас консулы Чжан Вэй өзінің Қазақстандағы дипломатиялық жұмыстарын бітірмес бұрын екі ел арасындағы қарым-қатынастың жақсы екенін айтқан. Алайда, соңғы уақыттары кейбір қара ниетті адамдар бұл достыққа БАҚ арқылы дақ түсіргісі келіп жүргенін айтты ол. 

"Мен Қазақстан мен Қытайдың арасындағы қарым-қатынастың болашағына үлкен сенім артамын. Өйткені менің пікірімше біз достығымыз бен көршілігіміздің жақсы көрінісін жасап келеміз", - дейді Чжан Вэй.

Қазіргі таңда Қытай мен Қазақстан арасындағы инвестициялық-индустриялдық қарым-қатынас 27 миллиард АҚШ долларын құрап отыр. "Нұрлы жол" Ұлы Жібек жолының бойымен атты жоба аясында екі ел арасындағы іскерлік қатынастардың деңгейі өсіп келеді. 

Қытай мен Қазақстанның арасындағы іскерлік қатынастардың қиындығын консул уақытша деп танып, тез арада шешімін табатынына сенімділік білдірді. 

Виза алу, жұмыс істеуге рұқсат беру, инвестиция мен сауданы қорғау, іскерлік ортаны жақсарту үшін екі ел арасында мүмкіндіктер жасап, оңтайлы шешімдер іздеу қажет дейді ол.

"Елде қазақ-қытай қатынасына сенімсіздік танытатын адамдардың бар екені жасырын емес. Алайда, БАҚ арқылы бұл қатынастарға дақ түсіріп, дамуды кешеуілдетудің қажеті жоқ деп ойлаймын", - дейді Чжан Вэй.


Қытай туралы адам шошырлық 20 дерек

STAN.KZ
Жексенбі, 28 Шілде, 2019 15:42
Талқылау