Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайдан кейін Францияда балалар арасында пневмония өршуде

Қытайдан кейін Францияда 15 жасқа дейінгі балалар арасында пневмония ауруы күрт өсті. Мұнда медициналық шағымдардың саны кем дегенде онжылдықта бұрын-соңды болмаған деңгейге жеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі lenta.ua басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Сурет pexels.com-нан

Деректерге сай, бақылаулар мен жүргізілген сынақтар белгілі бактерия – mycoplasma pneumoniae екенін көрсетеді. 

"Өкпе ауруымен ауруханаға жатқызылған 15 жасқа дейінгі балалардың саны онжылдықта бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті", – делінген хабарламада. 

Басылым дерегінше, бұл елді Mycoplasma pneumoniae 5 жасқа дейінгі балалар арасында шамамен 30%-ға және 5 жастан 15 жасқа дейінгі балалар арасында 50%-ға дейін кездесуде. 

Бұған дейін Қытай балалар арасында пневмония ауруының таралуы бойынша Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сұрауына ресми жауап берген болатын. Қытай елдегі пневмонияның әрбір екінші жағдайы микоплазманы жұқтырумен байланысты екенін атап өтті.

Француз педиатрларының бақылауларына сәйкес, ауру белгілері қатты әлсіздік, шаршау сезімі,  қатты жөтел ретінде көрінеді.

Талқылау