Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Екі жақта да бір-бір жұптан егіз ағалары бар": Егіз ағайынды мен егіз апалы-сіңлінің үйлену тойы желіні жарды

Егіз ағайынды мен егіз апалы-сіңлінің үйлену тойыФото: Scmp.com

Қытайда егіз ағайындылар егіз апалы-сіңліге үйленді, бұған қоса екі жақтың да егіз нағашылары бар болып шыққан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Үйлену тойынан түсірілген суреттер 10 миллионнан астам қаралым жинап, вирусқа айналды. Онда шаңырақ көтерген екі отбасының да егіз екені көрінеді. Желі қолданушылары бұл көріністі “шын мәнінде таңғаларлық” деп атады.

Ең қызығы, екі жақта да бір-бір жұптан егіз ағайындылар бар екен.

Братья-близнецы и их новоиспеченные жены-близнецы на свадебной церемонии. Фото: DouyinФото: Douyin

Қытайдың Jiupai News басылымының мәліметінше, екі жас жұбай той күні ғана өздерінің нағашылары да егіз екенін білген.

Той жүргізушісі мұны “ғажайып” деп атады, ал қонақтар бірдей таңғалып, қатты қуанды.

Ауыл тұрғындарының бірі журналистерге:

“Мен 60 жылдан астам өмір сүріп келемін, мұндайды алғаш рет көріп тұрмын. Оларға өмір бойы бақыт тілеймін”, – деді.

Ал Jimu News басылымы жасы жиырмадан асқан екі жұп та Қытайдың орталық бөлігіндегі Аньхой провинциясының Фуян қаласынан шыққанын хабарлады.

Екі отбасы бір-біріне жақын тұрады, алайда олардың ата-аналары 20 жыл бұрын танысқанымен, сол кезде аса жақын араласпаған.

2022 жылы құда түсуші арқылы Шань әулетінің апалы-сіңлілері Сун әулетінің ағайынды егіздерімен танысады.

Үлкен әпкесі алғашында өздерін тым жаспыз деп ойлап, кездесуден бас тартқанын, алайда жігіттердің табанды көңіл бөлуіне төтеп бере алмағандарын айтты.

Счастливое число восемь: счастливые пары, сфотографированные со своими дядями-близнецами. Фото: DouyinСәтті сегіздік: бақытты жас жұбайлар өздерінің егіз ағайындарымен бірге. Фото: Douyin

Оның айтуынша, қайын жұрты оны жиі сіңлісімен шатастырады, ал өз ата-анасы егіз күйеу балаларды ажырата алмай жатады.

Дегенмен ерлі-зайыптылар бір-бірін сирек шатастырады, өйткені бірге көп уақыт өткізу олардың сырт келбеті мен мінез-құлқын жақсы танып-білуіне мүмкіндік берген.

Егіз ағайындылар әртүрлі аудандарда орналасқан бөлек үйлерде тұрады.

Қазіргі таңда екі отбасы “төрт жұп егізі бар отбасы” ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енуге өтініш беруді жоспарлап отыр.

Олардың оқиғасы Қытайдың әлеуметтік желілерінде үлкен талқылауға себеп болды.

Желі қолданушыларының бірі:

“Бұл дүниеде таңғаларлық сәйкестіктер бар екені рас. Бұл – жақсылықтың жұп болып келуінің тамаша мысалы”, – деп жазды.

Тағы бірі:

“Егер бұл екі жұптың әрқайсысы егізден тапса, бұл отбасы қаншалықты үлкен болар еді?” – деп пікір қалдырды.

Сервировка столов на традиционном китайском свадебном банкете. Гости были поражены огромным количеством близнецов на свадебной церемонии. Фото: ShutterstockҚытайдың дәстүрлі үйлену тойындағы дастарқан. Қонақтар тойдағы егіздердің көптігіне таңғалды. Фото: Shutterstock

Зерттеулерге сәйкес, егіз туу ықтималдығы генетикалық және қоршаған орта факторларының жиынтығына байланысты. Бұл мүмкіндік егіздердің түріне қарай да өзгереді.

Бір отбасыда бірнеше жұп бірдей егіздің дүниеге келуі өте сирек кездеседі. Алайда ананың дене бітімі, жасы, тамақтануы және тұқым қуалаушылық факторлар егіз туу ықтималдығына әсер етуі мүмкін.

Қытайдың оңтүстік-батысындағы Сычуань провинциясына қарасты Мэйшань қаласындағы Байму ауылында соңғы бірнеше онжылдықта кемінде 33 жұп егіз дүниеге келген.

Жергілікті тұрғындар бұл ауылды “Егіздер ауылы” деп атайды және егіздердің көп тууын жердің құнарлылығы мен судың сапасымен байланыстырады, алайда бұл пікірдің ғылыми дәлелі жоқ.

Айта кетейік, бұған дейін СҚО полиция департаментінде егіз әпкелер қызмет ететіні хабарланған еді.

Балнұр Жұмаділла
Жексенбі, 25 Қаңтар, 2026 23:48