Қытайдағы төмен сатылым мен техникалық ақауға байланысты BMW компаниясының табысы төмендеді
Неміс автоөндіруші BMW компаниясының 2024 жылдың үшінші тоқсанындағы табысы 61%-ға төмендеді. Оған Қытайдағы әлсіз сатылым мен бірқатар модельдердегі техникалық ақаулар себеп болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: wallhere.com
BMW үшінші тоқсанда 1,7 миллиард еуро пайда тапқанын хабарлады. Ал өткен жылдың сәйкес кезеңінде бұл 4,35 миллиард еуро болған.
Сарапшылар операциялық пайдадан 1,8 миллиард еуро күткен. Топ акцияларының саудасы 3%-ға төмен ашылды. Компания Қытай нарығындағы жағдайдың "қиын" болып қалатынын айтты.
Агенттік мәліметінше, қыркүйекте BMW тежегішінде ақау пайда болған. Сол себепті көлік кері қайтарылып, бұл жағдай 1,5 миллионнан астам көлікке әсер еткені. Сонымен бірге компания шамамен 320 мың автокөлікті жеткізу кешіктірілгенін атап өтті.
30 қазанда Financial Times (FT) неміс автоөндіруші Volkswagen-нің (VW) тоқсандық таза кірісі Қытайдағы сату көлемінің төмендеуіне байланысты 64%-ға төмендегенін хабарлады.
Шілдеден қыркүйекке дейін компанияның таза пайдасы 1,57 миллиард еуроға дейін төмендеді (өткен жылы бұл көрсеткіш 4,34 миллиард еуро болған). Автоконцерннің кірісі 78,5 миллиард еуроға дейін (0,5%-ға) азайған.
Компания 2024 жылы операциялық кірісті шамамен 18 миллиард еуро болады деп болжайды. Бұл 5,6% пайда маржасына сәйкес келеді.
Өткен жылдың тоғыз айында Қытайдағы көлік сатылымы жергілікті брендтердің бәсекелестігі салдарынан 12%-ға төмендеді. Батыс Еуропада да сату көлемі 1%-ға төмендеді.
22 тамызда BMW алғаш рет Еуропадағы электромобильдер сатылымы бойынша Tesla-ны басып озғаны белгілі болды. Сарапшылар 2024 жылдың шілде айындағы деректерді есептеп шықты. Олардың айтуынша, BMW электромобильдерінің Еуропалық Одақтағы сатылымы шамамен үштен біріне өсіп, 14 мың 869 дана болды. Осы кезеңде Tesla сатылымы 16%-ға төмендеп, 14 мың 561 дана болды.
Tesla жыл басынан бері жеткізілімдер бойынша көшбасшы болды, яғни 178 мың 700 бірлік BMW 97 мың 525-ке қарсы.