AAPL
148.56 $
1.79 %
TSLA
643.38 $
-5.55 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
8.81 %
FB
369.79 $
22.84 %
FRHC
65.1 $
2.48 %
AAPL
148.56 $
1.79 %
TSLA
643.38 $
-5.55 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
8.81 %
FB
369.79 $
22.84 %
FRHC
65.1 $
2.48 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайдағы нөсер тасқын: жолаушылар метро вагондарында су астында қалды

Қытайдың Хэнань провинциясында біраз күннен бері жалғасып келе жатқан нөсер бірнеше қаланың нағыз табиғи апатына айналды. Көше мен үйлер, метро судың астында қалған. Ауа райының қолайсыздығына байланысты кейбір магистральдар жабық, әуе рейстерінің уақыты шегеріліп немесе мүлдем кейінге қалдырылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі қытайлық ақпарат құралдарына сілтеме жасап.

Сейсенбіде қатты су тасқыны салдарынан Чжэнчжоу қаласындағы бүкіл метро жүйесі жабылуға мәжбүр болған. Жолаушылар әлеуметтік желілерде вагон ішінде беліне дейін, кейбірі кеудесіне дейін суға батып тұрған күйдегі бейнежазбаларды жариялады.

Кейінірек құтқарушылар метродан 500-ге жуық адамды құтқара алды. Метродағы оқиға салдарынан кем дегенде 12 адам қаза тауып, бес адам жарақат алған. Құтқару жұмыстары қазір де жалғасуда. Су астында қалған вагондарда қанша адам болғаны туралы әлі айтылған жоқ.

Қытайда 16 шілдеден бастап 100 мыңнан астам тұрғын қауіпті аймақтардан эвакуацияланды. Кейбір ақпараттарға сәйкес, сейсенбі күні таңертең Денгфенг қаласында болған алюминий қорытпасы зауытындағы жарылысқа су тасқыны себеп болған.

ТАСС-тың хабарлауынша, 20 шілдеде кешке су тасқыны Хэнань провинциясындағы бөгетті жарып өткен.

Аталған аймақта төтенше жағдайдың бірінші деңгейі енгізілді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр