Қытайдың коронавирус туралы деректерді не үшін жасырғаны анықталды

Америкалық барлау қызметі Қытайдағы коронавирус туралы деректерді жасыру себебін тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

коронавирус

Бұл туралы Associated Press агенттігі АҚШ ішкі қауіпсіздік министрлігінің құжаттарына сілтеме жасап жазды.

АҚШ-тың пікірінше, Пекин науқас адамдарды емдеуге қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету үшін пандемияның қауіптілігін әдейі жасырған. 

"Қытай импортты арттырып, медициналық мақсаттағы заттардың экспортын қысқартты", - деді агенттік дереккөздері.

Талдау мәліметтеріне сәйкес, Пекин мұны жасыру үшін экспорттық шектеулерді жоққа шығара отырып, өзінің сауда деректерін беруді кідіртіп және онымен шатастырған.

30 сәуірде АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майкл Помпео Қытай билігі коронавирус туралы ақпараттың бір бөлігін жасырып қалғанын айтты. Ол нәтижесінде Пекин жоғалған деректер үшін жауапты болатынын мәлімдеді.

Сәуір айының басында АҚШ барлаушылары Ақ үйге Қытай елдегі коронавирус індетінің нақты ауқымын жасырғаны туралы жасырын есеп берді. Пекин жұқтырудың жалпы саны мен инфекциядан қайтыс болғандардың санын төмендетті деген күдікке ілінді. АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Қытайды және басқа да елдерді коронавирус бойынша статистикаға қатысты ашық болуға шақырды. Америкалық президент Дональд Трамп өз кезегінде Қытайды жауапкершілікке тартуға және қаржылық талап қоюға уәде берді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр