Қытайда қонақүй құлап, 17 адам көз жұмды (видео)
Қытайдың Сучжоу қаласында орналасқан қонақүй құлап, 23 адам қираған үйіндінің астында қалып қойған, 17 адам көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Тек бір адам ғана апатты жағдайдан жапа шекпей үйіне аман-есен оралған, 5 адам әртүрлі дене жарақаттарын алған. Құтқару-іздестіру жұмыстары тоқтатылған.
Уцзян ауданының әкімшілігінің мәліметінше, ғимараттың құлауы рұқсат етілмеген жөндеу жұмыстарымен байланысты екен.
Қазіргі таңда үкіметтік топ құрылып, оқиғаның мән-жайын тергеу мен анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Еске салсақ, бұған дейін Қытайда 7 қабатты үй құлап, адамдар үйінді астында қалғаны айтылған еді.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”