Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайдағы қандасымыз Тайлақ Нұражы WKG & M-1 Global турнирінің басты жекпе-жегінде жеңіске жетті

Қытайдың қазағы Тайлақ Нұражы Қытайдың Ақсу қаласында өткен WKG & M-1 Global турнирінің басты жекпе-жегінде жарқын жеңіске жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.  

Фото: Naiza

Этникалық қазақ Тайлақ Нұражы Қытайда өткен турнирдің басты кездесуінде жекпе-жекке шығып, кәсіби мансабындағы он екінші жеңісіне қол жеткізді. Ол WKG & M-1 Global турнирінде ресейлік Максим Шимченкоға қарсы жұдырықтасып, бірінші раундта қолын ауырту әдісін жасау арқылы ұтты. Алғашқы минуттардан бастап жойқын соққыларын дарытқан Тайлақ қарсыласының мұрнын да сындырып жіберді. Тайлақтан бөлек, бұл турнирде ұлты қазақ жеті спортшы шаршы алаңға шықты. Соның алтауы жеңіліске ұшыраса, 61 келіде Қазақстан атынан сынға түскен Тәңірберген Маратов қана тәжік спортшысын техникалық нокаутпен жеңді. 

Айта кетейік, Тайлақ Нұражы Naiza 57 турнирінде бразилиялық Дуглас Пуманы ауыр нокаутқа жіберіп, қазақстандық жанкүйерлердің жадында жарқын жеңісімен қалған еді.     

Талқылау