Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайда шетелдіктерге визаның барлық түрін беру қайта басталады

Қытай Халық Республикасы пандемияға байланысты 3 жыл бұрын тоқтатқан виза беру жұмыстарын қайта қолға алды. Енді аталмыш елге кіру рұқсатнамасына өтінімді 15-наурыздан бастап беруге болады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Фото: pixabay

Бұл туралы “Риа Новости” жазды. Дерекке сүйенсек, аспан асты елінде шетелдіктерге визаның барлық түрін беру жұмыстары 15-ші наурыздан басталатыны жазылған. Тіпті 2020-шы жылы мерзімі өткен визамен де аталмыш елге кіруге болады. 

Елдің консулдық департаменті әлеуметтік желісіндегі ресми аккаунтында жарияланған мәлімдемеде 15 наурыздан бастап Қытайға 2020 жылдың 28 наурызына дейін берілген әлі аяқталмаған визалар бойынша кіруге болатыны нақты көрсетілген. Екіншіден, шетелде виза берумен айналысатын мекемелер шетелдік азаматтардың Қытайға кіруі үшін визалардың барлық түрлерін қарауды және беруді қайта бастайтыны жазылып отыр. Сонымен қатар шекара маңындағы аудандарда виза берумен айналысатын мекемелер де бұл жұмыстарды жандандырмақ. 

“Хайнань аралына визасыз кіру саясаты және Шанхайға круиздік кеме жолаушылары үшін визасыз кіру саясаты, сондай-ақ Гонконг пен Макаодан келген шетелдіктер топтары үшін Оңтүстік Гуандун провинциясына визасыз кіру жаңартылады, - делінген ақпаратта.

Талқылау