Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайда ресми түрде иттің етін жеуге тиым салынды

Жергілікті билік иттің үй жануары екенін мойындады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қытай ауыл шаруашылығы министрлігінде иттерді мал емес, үй жануарлары ретінде қарау туралы шешім қабылданды. Зооқорғаушылардың пікірінше, коронавирус індеті Қытай билігінің жануарларға деген көзқарасын өзгертті. 

Иттің еті Қытайдың көптеген аймақтар басты тағам болып қалатыны сөзсіз, бірақ билік мәлімдеген құжат бойынша ит үй жануары деп танылды. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады.

"Адам өркениетінің дамуына, қоғамдық қызығушылықтың өсуіне және жануарларға деген сүйіспеншілікті ескере отырып иттер  халықаралық деңгейде үй жануарлары деп танылды, сондықтан олар Қытайда мал ретінде қарастырылмайды", - делінген ведомствоның мәлімдемесінде.

Естеріңізге сала кетейік, коронавирусты тарату Ухана нарығында сатылатын жарқанаттар мен басқа да жабайы жануарларды жеуден басталды деген пікір кең таралды.

Кейіннен Қытай билігі жабайы жануарларды өсіруге, сатуға және тұтынуға тыйым салып, барлық лицензияларды қайтарып алды. Олар сондай-ақ тыйым салуды тұрақты ету үшін заңнаманы қайта қарауға уәде берді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр