Қытайда пранк түсірген қазақстандық блогер көпшіліктен кешірім сұрады

Фото: Алматы қаласы ПД
Қытайда пранк түсірген қазақстандық қыз көпшіліктен кешірім сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Полиция қызметкерлері Қытайдағы пранктары үшін қазақстандық қызбен профилактикалық әңгіме өткізді.
Қазақстандық қыздың Қытайда түсірген пранкі желіде резонанс туғызды. Желідегілер оның шетелдегі бейәдеп қылығына шағымданған.
"Менің видеом ешкімді ренжіту мақсатында түсірілмеді. Бұл ойланбай жарияланған жазба болды. Егер біреуге әсер етіп, көңіліне тисем, кешірім сұраймын. Енді контент жариялау мәселесіне әлдеқайда жауапкершілікпен қараймын", – деді блогер.
Еске салсақ, осыған дейін Қытай полициясы пранк түсірген қазақстандық блогерге қатысты тексеріс бастағанын жазғанбыз.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"