Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайда арты пандемияға ұласуы мүмкін жаңа қауіпті вирус табылды

Қытай ғалымдары пандемияға ұласуы мүмкін тұмау вирусының жаңа штамын анықтады. Вирус жақында ғана пайда болды, оның таратушысы шошқалар, бірақ инфекция адамдарға да жұғуы мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Зерттеушілер вирус одан әрі қозуы мүмкін дейді. Ол адамға оңай жұғатын көрінеді, соның салдарынан жаңа жаһандық індеттің пайда болуы ғажап емес. 

Ғалымдардың пікірінше, қазіргі кезде жағдай қауіп төндірмесе де, жаңа қоздырғыш адам ағзасына тез бейімделеді, сондықтан да мұқият бақылауды қажет етеді.

Әлемде кездесетін осыған ұқсас вирустың соңғы жаппай эпидемиясы - 2009 жылы Мексикада басталған шошқа тұмауы ауруы. Ондағы өлім-жітім бастапқы болжамдардан төмен болды, өйткені вирус алдыңғы жылдары таралған басқа тұмау вирустарына ұқсас болғандықтан, науқастардың көптеген осал санаттары (негізінен ересектер) оған қарсы иммунитетке ие болды.

Қазіргі вирустың ерекшелігі - басқаларына ұқсамауы. Ал адамдардың оған қарсы тұруы қабілеті өте төмен немесе мүлдем жоқ көрінеді. 

STAN.KZ
Сәрсенбі, 01 Шілде, 2020 14:32
Талқылау