Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайда коронавирусқа қарсы 2 вакцина адамдарға сәтті сынақтан өтті

Коронавирусқа қарсы вакцинаны әзірлеумен айналысатын China National Biotec Group (CNBG) қытайлық компаниясы препаратты адамдарға сәтті сынағаны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

вакцина

Сыналған екі вакцина бірден оң нәтиже көрсеткен. Алдын ала мәліметтер бойынша, CNBG-дің Бейжіңдегі бөлімшесінің препараты дені сау 1120 сынаққа қатысушыдан COVID-19  антиденелерін қауіпсіз өндіруге ықпал етті.

Сонымен бірге компанияның Ухань бөлімшесінің вакцинасын сәтті сынақтан өткізгені хабарланды. 

CNBG компаниясы Біріккен Араб Әмірліктерінде препаратты сынаудың соңғы кезеңін өткізуге рұқсат алғанын мәлімдеді. Бірақ, компания нақты қай вакцина БАӘ-де сыналатынын нақтыламады.

 

Талқылау