Қытайда "қайта тәрбиелеуден" өткен әйел: Қанша кәпір қылуға тырысса да, қазақ рухым өзгермеді

"Олар менің аяқ-қолымды темір орындыққа байлады. Үш айдан соң ағзамызға түсініксіз затты енгізді. Қазақстанға кетемін деп едім, қытайша не білетінімді сұрады",- дейді Қытайдағы қайта тәрбилеу лагерінен шыққан қазақтар BBC тілшілеріне берген сұхбатында. Аспан асты елі жайлы сөз қозғалғанда олар бірінші кезекте "тәрбиеленген", шарасыздыққа толы күндерін еске алып, әлі де сол мекемелерде жүрген мұсылмандарды ойлап күйінеді, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Human Rights Watch және Amnesty International атты адам құқығын қорғайтын халықаралық ұйымдар Қытайдағы мұсылмандарға арналған "қайта тәрбиелеу лагерлерінің" жұмысы өте төмен деңгейде екенін айтып, бірнеше рет наразылық білдірсе де, мемлекет олардың пікірімен келісер емес. Билік өкілдері бұл мекемелердің білім беруге арналғанын және осы жерде тәрбиеленушілердің құқығы аяққа тапталмайтынын алға тартуда. Дегенмен, лагерьден шыққан азаматтардың сөзі олардың "көзін ашуға тырысқан" адамдардың сөзімен қалай болғанда жанаспайды.

15 ай көлемінде "қайта тәрбиелеуден" өткен Гүлзира есімді қазақ қызының айтуы бойынша, лагерь қызметкерлері әр тұтқынға еркінен тыс екпе салып, қарсылық танытса, бұдан да қатал тәртіптегі лагерлерге ауыстырумен қорқытады. Қажеттілік болса, ұрып-соғудан тайынбайды.


Тағы оқыңыз


Гүлзираны білім беретін мекемеге шекара асып, Қытай елінен қашып кеткісі келгені үшін әкелген екен. "Көлікпен әкеліп тастады, келер жолда артқы орындығында отырып жыладым. Мекеменің кіре берісінде ұйғырша және қытайша  "білім беретін орын" деп жазылып тұрды. Алайда, бұл ешқандай білім беру мекемесі емес, тұтқындарға арналған лагерь еді. Мұнда келгеніме үш ай болғанда белгісіз уколды қинап салды. "Укол салдыртпасаңдар,  бұдан да қатал лагерьге ауыстырамыз" деп қорқытты",- дейді Гүлзира. 

Мұндай білім беру мекемесінің тағы бір түлегі, Тұрсынбек атты қазақ ер кісі "қайта тәрбиеленіп жүріп" себепсіз соққыға жығылғанын баяндады. "Дәретханада болғанымда соққының астына алды. Беті-қолымды жуып жатыр едім: "Суды неге ішесің?"- деумен құлағымнан бір ұрды. Тепе-теңдігімді жоғалтып алдым. Қайтадан бір ұрды", - дейді ол. 

Ал лагерьде төрт ай отырған, Орынбек есімді қандасымыз өз еліне оралғысы келіп, Қазақстанға қашан қайта алатынын сұрағанда мардымды жауап ала алмаған екен. 

"Олар маған: "Осы жақтың тілін үйреніп, жазуын білмесең кетуің қиын-ау",- деді. Бұл жерде жүріп, Қытайдың саясатын, қандай оқиға болғанын білу керексің, қазақ екеніңді ұмытып, қытай тілін үйренуің қажет",- дейді қазақ жігіті. 

Аспан асты елінде бұл мекеменің түлектерін жұмысқа орналастыруда үлкен көмек көрсетілетіні көптеп айтылады. Алайда, басылымға сұхбат берген жәбірленушілердің айтуынша, олар істеген жұмысы үшін көк тиын да алмаған. Олар мұндай еңбекті қанау деп есептейді. 

"Мені босатқан соң, полицияға тіркеуден өтуге жіберді. Полицейлер киетін бас киімді кигізіп, фуражка, қалқан және шоқпар берді. Жұмыстағы кезекшілік таңғы жетіде басталып, кешкі сегізде аяқталатын. Бізге жалақы төлемеді, тамақ та бермеді", - дейді тәртіп сақшысының қызметінде болған Тұрсынбек.

Гүлзирада қандасының сөзін жалғап, зауытта еңбек еткен күндерін есіне алды. 

"Мен зауытта қолғап тіктім. Қай жерге барсам да, полициядан рұқсат сұрауымды талап ететін. Әрбір тәртіпке бағынбаушылық саясатқа қарсы іс-әрекет ретінде қабылданатын. Жаза ретінде тәрбиелеу лагеріне қайтарып жіберуі әбден мүмкін еді. Қанша қытайландырып, кәпір қылуға тырысск да, мен мұсылмандық рухымды, қазақ рухымды сақтап қалдым. Алла өзі қорғайды екен. Мен қазақ болғаныма, отаным болғанына мақтанамын",- деп түйіндеді сөзін ол. 

Қытай "қайта тәрбиелеу лагерлеріне" түскен тұтқындардың барлығын босатқаны жайлы мәлімдеме жасағанымен, туған-туысы, бауыры дәл осындай мекемеге түсіп, жоғалып кеткені жайлы үндеу жасап жатқан қазақтар жетерлік. Саны мыңға жететін қазақ мұсылмандардың қай жерді тұрақтағыны әлі белгісіз. 

 

 

 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Татар қызына ән арнады: Димаштың ерекше ықыласына бөленген қыз кім?

Қыздың есімі - Лейсан Сейтназарова

Сыныптасымен ұрысып қалған: Көз жұмған оқушының ата-анасы ұлдарының өз ажалынан өлгеніне сенбейді

Түркістан облысында оқушы жұмбақ жағдайда көз жұмды.

Наразылық білдірген ШҚО тұрғындары ауруханадан кереуеттер мен төсек-орындарды шығарып тастаған

Шығыс Қазақстан облысындағы екі ауылдың тұрғындары аймақта коронавирус жұқтырған қытайлық жұмысшылар жүр деп шу шығарып, желіде бұл ақпарат қызу талқыға түскен.

ҚР премьер-министрі кеңсесі басшысының жаңа орынбасары тағайындалды

20.02.2020: Қазақстандықтар некеге отырудан рекорд орнатты

2020 жылдың екінші айының жиырмасыншы жұлдызында шаңырақ көтерушілердің саны сегіз жүз жұп, өткен жылмен салыстырғанда төрт есе аз

Түркістан облысында қару алып қашқан сарбаз ұсталды

Ордабасы ауданы Бадам станциясы маңындағы әскери бөлімнен 30 атыс қаруын ұрлап қашқан сарбаз ұсталды

Коронавируске қарсы күші бар тағы бір дәрімек аталды

Бұл препараттың десек те жағымсыз ықпалы да анықталған

"Пайдалы өнім шығармыз келді": Қазақстанда алтыншы сынып оқушылары өз кәсіптерін ашты

Олардың еңбекқұмарлығы танымал кәсіпкерді қайран қалдырған

Алматы облысында полицейлер есірткі сатумен айналысқан

Бұған қоса полиция қызметкерлері кейбір қылмыстарға көзжұма қарағаны анықталыпты

Қазақстанның бас прокуратурасы халыққа үндеу жариялады

Бас прокурордың орынбасары халықты араңдатушылыққа салынбауға шақырды
Çàãðóçêà...