Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ит аш мысықты байқап өз тамағымен бөліскен (видео)

Желіде иттің көшедегі аш мысыққа бір үзім нан беріп жатқан кадрлар тез таралып кетті. Видеоны үй жануарының иесі қытайлық азамат жүктеген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

ит

Әсерлі сәттің куәгері Қытайдың Шаньдун провинциясындағы қыз болды. Ол өзінің пудинг деп аталатын иті үрген соң сыртқа шыққан.  Пудинг бәлішті жақын жерде баспалдақта отырған үйсіз, аш мысықтың алдына жерге қойыпты.

Қыз бастапқыда мысықтың қорқып, баспалдақтан түспегенін, содан кейін Пудинг аздап шегініп, оған жақындауға мүмкіндік бергенін атап өтті.

"Бәлішті мысықты ұстап алу үшін әдейі алып бара жатқан шығар деп ойладым. Одан әрі не болатынын елестете алмадым. Пудинг мысық қорықпау үшін бәлішті жерге қойып кетіп қалды кетіп қалды, сөйтіп алыстан байқап тұрды", - деп иттің иесі өз әсерімен бөлісті.

Соңында мысық нанды алып, қашып кетіпті.

"Бұл көріністі көргенде қатты әсерлендім. Өйткені біздің ит — күзетші ит және ол өз тамағына өте мұқият қарайды", - деді қыз.

 

STAN.KZ
Жексенбі, 30 Тамыз, 2020 14:47
Талқылау