Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайда індет кезінде өмір сүруге арналған қала пайда болады

Қытайда індеттің ортасындағы өмірдің барлық ерекшеліктерін ескере отырып құрылатын болашақ қаласы пайда болады. Дизайнды Guallart Architects сәулет бюросы жасайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Сюнан қаласы Пекиннен 100 шақырым жерде салынады. Ол дәстүрлі еуропалық, заманауи қытайлық көп қабатты үйлер мен ауылшаруашылық ландшафтын біріктіреді.

"Біз енді қалалар мен ғимараттарды жобалай алмаймыз және ештеңе болмағандай түр жасай алмаймыз (коронавирус пандемиясы туралы)"- деп мәлімдеді әзірлеушілер.

Барлық үйлердің төбесінде жылыжайлар орналастырылады, онда олар азық-түлік өсіреді және сонымен бірге күн батареяларынан энергия алады. Бірінші қабаттарда коворкинг алаңдары жабдықталады, 3D принтерлер орнатылып, қоқысты қайта өңдеу ұйымдастырылады. Әр ғимарат жаңбыр суын жинап, оны ауыз суға дейін тазартады.

"Біз жобаны өзімізді оқшаулау режимі кезінде жасадық, ол кезде бүкіл команда үйден жұмыс істеді және біз карантинде өмірімізді  жақсартуға көмектесетін барлық аспектілерді қосуға шешім қабылдадық", — деді сәулетшілер.

Ғимараттар дизайн технологияларын қолдана отырып, ағаш құрылымдардан тұрғызылады. Қалада тұрғын үй, кеңселер, бассейндер, дүкендер, азық-түлік базарлары, балабақша, әкімшілік, өрт сөндіру бөлімі және басқа да нысандар болады. Сюнанның әр бөлімі мүмкіндігінше функционалды болады.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 17 Тамыз, 2020 12:28
Талқылау