Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

20 адамның өмірін жалмаған тайфун Қытайға жетті: Қаза тапқандар бар

Тайфун бастапқыда Тайвань өлкесін басып өтіп, кейін 400-ге жуық адам жарақат алды. Жойқын апат салдарынан 3 адам қаза тапты. Жүз мыңдаған тұрғын үй мен әкімшілік нысандар жарықсыз қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC.com порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото видеокадрдан скриншот жасалған

Мәліметтерге сенсек, Қытайда қауіптің ең жоғары "қызыл" деңгейі жарияланды. Қазір жағалауда орналасқан елді мекендердің халқы жаппай эвакуацияланып жатыр. 22 уезд пен қалада қозғалыс тоқтап қалып, әсіресе, Илань уезі қатты зардап шекті. 260 мыңнан астам тұрғын үй мен әкімшілік нысандар жарықсыз қалды. 

Сонымен қатар 264 әуе рейсі кейінге шегеріліп, жоғары жылдамдықпен жүретін пойыздардың қозғалысы тоқтап қалды. Апаттан кейін жолаушылар вокзалдар мен әуежайларда түнеуге мәжбүр болды. 

Ұлттық теңіздегі қоршаған ортаны болжау орталығының директоры Ли Бэнся мұндай жағдайда жолға шығу аса қауіпті екенін айтты.

"Биыл тайфун күші жойқын болып тұр. Сондықтан халықты қауіпті аудандардан шұғыл кетуге шақырып жатырмыз. Жазғы демалыс болған соң жағалауларда туристер көп. Сондай-ақ сағат сайын ақпарат таратып, хабарландырып жатырмыз. Мұндай жағдайда жолға шығу аса қауіпті", – деді болжау орталығының директоры.

Айта кетейік, 67 бағытта жолаушы тасмалдайтын 186 паром мен қираған құрылыс кемелері жағаға шығарылды. 

"Ал теңізде жүргізіліп жатқан ірі-ірі құрылыс жобаларында жұмыс тоқтатылды. Табиғи апат Қытайға көршілес Филиппинде де соғып, 21 адам көз жұмды", – делінген ақпаратта.



Еске салайық, былтыр Қытайдың оңтүстік аймағында Хайкуй тайфуны салдарынан болған су басу кезінде фермадан 75 қолтырауын қашып кеткенін жаздық. Мемлекеттік басылымдардың мәліметінше 8 қолтырауынды ғана ұстау мүмкін болған. Кейбірін тірідей ұстаса, кейбірін қауіпсіздік үшін атып тастаған. 

 

Талқылау