Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайда "Аспан асты елінің рухына нұқсан келтіретін" киімдерді киюге тыйым салынбақ

Қытайда "қытай халқының рухына нұқсан келтіретін" сөздер мен киімдерге тыйым салатын заң жобасы қызу талқылануда. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Supershit

Егер заң күшіне енсе, кінәлі деп танылған адамдарға айыппұл салынуы немесе түрмеге жабылуы мүмкін. Бірақ бұл ұсыныста құқықбұзушылықтың нені құрайтыны әлі айтылмаған.

Киім туралы заң бірден көпшіліктің наразылығын тудырды. Интернетте оны шамадан тыс және абсурд деп сынады.

Заң жобасында "Қытай ұлтының рухына нұқсан келтіретін немесе сезімін қорлайтын" киімдер мен белгілерді киген немесе киюге мәжбүрлеген адамдарды 15 тәулікке дейін қамауға алуға және 5 юаньға (0, 68 348 доллар) дейін айыппұл салынатыны көрсетілген. Заңға ұсынылып отырған өзгерістерде "жергілікті батырлар мен шейіттердің есімдерін қорлауға немесе жала жабуға", сондай-ақ олардың мемориалдық мүсіндерін бұзуға тыйым салынады.

Биліктің хабарлауынша заң жобасының ұсынылуына бірнеше факторлар әсер еткен. Мысалы, Қытайда өткен жылы Сучжоу қаласында кимоно киген әйел ұсталып, жапон киімін кигені үшін айыпталған. Бұл оқиға қытайлық әлеуметтік желілерде наразылық тудырды.

Сондай-ақ осы жылдың наурыз айында полиция түнгі базарда жапондық әскери форманың көшірмесін киген әйелді ұстады. Өткен айдың басында кемпірқосақ суреті салынған киім киген адамдарға Тайвань әншісі Чан Хуэй-Мэйдің Бейжіңдегі концертіне кіруге тыйым салынды. Қытай билігінің айтуынша, мұндай әрекеттер "Қытай елінің ұлттық рухы мен сезімдерін" қорлайды. 

Талқылау