Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайда әкесі карантинге жіберілген соң қараусыз қалған мүгедек баласы көз жұмды

Қытайда церебралды сал ауруы бар мүгедек баланың әкесін карантинге жіберген екі шенеунік қызметінен босатылды. Әкесі науқас ұлына жалғыз қараған. 16 жасар Ян Чен өткен сәрсенбіде, әкесі мен ағасы коронавирус жұқтырды деген күдікпен карантинге жіберлігеннен кейін бір аптадан соң қайтыс болды.

Қытайда әкесі карантинген жіберілген соң қараусыз қалған мүгедек баласы көз жұмды

Жергілікті коммунистік партия комитетінің хатшысы және қайтыс болған адамның отбасы тұратын Хубэй провинциясындағы қала әкімі қызметінен босатылды. Осы уақыт ішінде баланы тек екі рет тамақтандырған.

Ян Ченнің қайтыс болғаны туралы жаңалықтан кейін оның есімі әлеуметтік желілерде жиі пайда бола бастады.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, баланың әкесі Weibo қытай әлеуметтік желісінде көпшіліктен көмек сұраған. Онда оның баласының церебральды сал ауруымен ауырып, өздігінен жүре алмайтын, өзін айтқан.

Бұған дейін билік жасөспірімнің өлімін тергеу жүргізетінін айтқан.

ДДҰ вирус жұқтырғандардың саны арта түсуі ықтимал деп ескертеді және ҚХР билігі вирустың таралуын тежеу ​​бойынша бірқатар шаралар қабылдағанын хабарлады.

STAN.KZ
Сәрсенбі, 05 Ақпан, 2020 13:25
Талқылау