Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайда адамдардың күлін арнайы пәтерлерде сақтауға тыйым салынды

Қытайда адамдардың күлін арнайы пәтерлерде сақтауға тыйым салынды

Фото: e-news.pro

Қытайда марқұмдардың күлі салынған тостағанды қымбат зираттарда сақтап, ақша төлеудің орнына бос пәтерлерде сақтауға тыйым салынды. Қытайда зираттағы орындарының жетіспеушілігі мен дәстүрлі жерлеу бағасының өсуіне байланысты “күл сақталған пәтерлер” көбейген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Заң тұрғын үйді “арнайы күлді сақтау үшін” пайдалануға, сондай-ақ зираттан тыс жерлеуге немесе қабір салуға тыйым салады.

Соңғы жылдары тұрғын үй бағасы биліктің “тұрғын үй өміруге арналған, пайда үшін емес” деген саясатына байланысты төмендеді: 2025 жылы пәтерлердің бағасы 2021 жылмен салыстырғанда 40% арзандаған.

Бүгінде бос тұрған бөлмелерді марқұмдардың туыстары өлілерді еске алатын рәсім залына айналдырған.

“Мұндай пәтерлердің көбінде перделері жабық немесе терезелері мықтап бекітіледі”, – деп жазды қытайлық БАҚ.



Қытайда зираттағы орын 20 жылға ғана жалға беріледі. Ал тұрғын үйді пайдалану құқығы 70 жылға беріледі.

“Қытайдағы жерлеу рәсімдері Жапониядан кейін әлемдегі ең қымбат болып есептеледі және орташа есеппен 5400 доллар тұрады. Бұл жылдық орташа кірістің шамамен 45%-ы”, – дейді Financial Times.

Зираттағы жерлер де қымбат. Пекиндегі Changping Tianshou зиратының сайтындағы дерекке сәйкес, баға 10 000 юаньнан, шамамен 1500 доллардан басталып, 200 000 юаньға, шамамен 29 000 долларға дейін жетуі мүмкін. Ескерткішпен жерлеудің бағасы 150 000-ден 300 000 юаньға дейін, шамамен 21 700- 43 400 доллар болады.

Қытай билігі экологиялық таза жерлеу әдістерін насихаттауға тырысады, мысалы, күлді теңізге шашуды ұсынады.

Алайда қытайлық әлеуметтік желі пайдаланушылары бұл заңға наразылық білдірді. Олар зираттағы орын бағасының қымбат екенін айтып, шағымданды.

“Бақылаушы органдар пәтерлердің тек күл сақтау үшін қолданылып жатқанын қалай анықтайды? Ал мұндай жағдайларды қалай шешеді?”, – деп жарыса жазды желідегілер.

Тыйым 5 сәуір, жексенбі күні өтетін Цинмин мерекесінен бірнеше күн бұрын енгізілді. Сол күні адамдар туыстарының қабірлерін реттеп, дәстүрлі түрде құрмет көрсетеді.

Бұған дейін алматылықтардың енді зираттан орынды онлайн таңдай алатыны туралы жазған едік.

Айым Болатқызы
Сәрсенбі, 01 Сәуір, 2026 09:30