Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытай тілін жақсылап меңгеріп алған: Ақжарқын Тұрлыбайдың қазіргі жағдайы қандай

Ақжарқын Тұрлыбайдың қазіргі жағдайы туралы Қазақстанның Қытайдағы елшілігі ақпарат берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputniknews басылымына сілтеме жасап.

Қытай тілін жақсылап меңгеріп алған: Ақжарқын Тұрлыбайдың қазіргі жағдайы қандай

2014 жылы Қытайға құрбысына тауар алып келуге көмектесемін деп барып, Гуанчжоу әуежайында ұсталған Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты Қазақстанның сыртқы істер министрлігі айтып берді.

Қытайда жазасын өтеп жатқан Ақжарқын Тұрлыбайдың қазіргі жағдайы белгілі болды. Бес жыл бұрын темір торға тоғытылған ол қазіргі таңда Қытайдың Гуанчжоу қаласындағы түзету мекемесінде қамауда. 

Қазақстандық азаматша бүгінде қасындағы сотталғандарға ағылшын тілін үйретіп жүрген көрінеді. 

"Көркем әдебиеттерді оқиды. Дене шынықтырумен айналысады. Қытай тілін жақсы меңгеріп алған. Түзету мекемесіндегі жағдайға қатысты шағымы жоқ", - дейді сыртқы істер министрлігі. 

Қазіргі таңда ҚХР Гуандун өлкесі Жоғарғы халық сотының қарауына алынған Ақжарқын Тұрлыбайдың ісіне қатысты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Қазақстанның Қытайдағы елшілігі Ажарқын Тұрлыбай жатқан түрмеге жиі барып тұрады. Қал-жағдайынан хабардар болып, ақшалай көмек беретіндері белгілі болды.

"Тұрлыбайдың заңды құқықтарын және мүдделерін сотта қорғау мақсатында "Шетелде Қазақстанның мүдделерін білдіру" бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен бөлінген қаражатқа Бейжіңнің "Дахэн" адвокаттық компаниясынан білікті заңгер жұмысқа тартылды", - делінген хабарламада.

Талқылау