Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытай TikTok иесін социалистік құндылықтардан бас тартқаны үшін жазалады

Қытайдың киберкеңістік жөніндегі мемлекеттік әкімшілігі TikTok қосымшасы бар Пекин ByteDance компаниясына тиесілі Xigua видеосерверіне айыппұл салды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

TikTok

Видеосервиске "тұрпайы контент" таратуына байланысты санкциялар салынған. Барлығы реттеуші 31 ірі бейне платформаларды тексеріп, оның онына айыппұл салды.

Реттеушінің хабарламасында айыппұл салынған бейнесервистер социализмнің негізгі құндылықтарынан бас тартып, жастардың салауатты тәрбиесіне қауіп төндіреді, сонымен бірге қоғамдағы атмосфераны бұзатындығын көрсетілген.

Сонымен қатар, ведомство видеосервистерге жаңа пайдаланушыларды тіркеуге және қосымшалар үшін жаңартуларды жасауға тыйым салды, себебі порнографиялық материалдарды таратады және онлайн форматта құмар ойындарын ұйымдастырады.

 South China Morning Post басылымының жазуынша, соңғы уақытта Пекин Қытайдың киберкеңістігін тазарту үшін үлкен күш жұмсап жатыр. ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин бастаған коммунистік партия интернетте өз әсерін күшейте түсті.

STAN.KZ
Сәрсенбі, 24 Маусым, 2020 10:44
Талқылау