Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қытай менің көзімді жояды": АҚШ-қа қашып барған қытайлық вирусолог коронавирус жайлы шындықты айтты

Гонконгтан АҚШ-қа қашып барған ғалым Ли Мэн Янь Fox News-қа эксклюзивті сұхбат берді. Ол Қытай билігі жаңа коронавирус туралы көпшілікке хабарлағанға дейін де білгенін айтты. 

«Менің АҚШ-қа келуімнің себебі - COVID туралы шындықты жеткізу», - деді ол.

Әйел бұл туралы Қытайда айтсам, менің көзімді жояр еді деп қорқады. 

Янь өзін әлемдегі COVID-19 зерттеген алғашқы мамандардың бірі деп атады. Ол 2019 жылы ДДСҰ референттік зертханасындағы жетекшісі доктор Лео Пун материктік Қытайда тіркелген SARS-қа ұқсас оғаш істердің үлгісін талдауды тапсырды деп мәлімдейді.

Яньнің досы ауруларды бақылау және профилактика орталығының ғалымы, ол Яньға 31 желтоқсанда вирустың адамнан адамға өтуі мүмкін екенін айтқан. Яғни, Бейжің мен ДДСҰ вирус жайлыресми жариялағанға дейін әлдеқайда ертерек білген.

Вирусологтің айтуынша, оның басшылары көп адамның өмірін сақтап қалуы мүмкін болған зерттеулерді елемей, қызыл сызықтан өтпеуге кеңес берген.

Янь сонымен қатар ДДҰ референс-зертханасының тең директоры, профессор Малик Пейрис жағдай туралы білгенін, бірақ ештеңе істемегенін айтады.

Ғалым өз өміріне қауіп төніп тұрғанын жеткізіпті. Оның пікірінше, ол ешқашан отанына оралып, отбасы мен достарын көре алмайды. Алайда зерттеуші ол осы қатерді ескере отыра дұрыс әрекет жасадым деп санайды.

ДДСҰ және Қытай билігі Ли-Мэн Яньмен болған сұхбатқа түсініктеме бере отырып, коронавирустың таралуы туралы ақпаратты жасыру әрекеттері туралы айыптауларды жоққа шығарды. Халықаралық ұйым өкілдері Ян, Пун және Пейристің бұған дейін олармен ешқашан жұмыс жасамағанын айтты.

Қытайдың Вашингтондағы елшілігі Fox News-қа Ли Мэн Янь туралы ештеңе білмегендерін айтты.

Қытай дипломаттары коронавирустың өршуінің алдын алу үшін уақытында тез әрі тиімді әрекет жасалды деп атап өтті.

Талқылау