Қытай мектептерінің бірінде шатыр опырылып құлап, 10 адам қаза тапты
Қытайдың солтүстік-шығысындағы Хэйлунцзян провинциясының Цицихар қаласында мектеп спорт залының төбесі түгелдей опырылып 10 адам қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі CCTV басылымына сілтеме жасап.
Спортзал ішінде алғашында19 адам болған, оның төртеуі өз бетінше шығып кеткен. Ал 15-і үйінді астында қалды. Құтқарушылар қаза тапқан 10 адамның денесін шығарды, төрт адам аман қалды. Құтқару жұмыстары жалғасуда.
Алдын ала мәлімет бойынша, спорт залына іргелес жатқан оқу кешенін салу кезінде құрылысшылар шатырға перлит төсеу ережесін бұзған. Жауын-шашын кезінде перлит сужинай берген, бұл шатырдағы жүктеменің артуына және опырылып құлауына әкеліп соққан. Оқу кешенінің құрылысына жауаптылар ұсталды.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн