Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытай коронавирус туралы шындықты жасырды ма? Барлау қызметтерінің мәліметтері анықталды

Ағылшын тілді бес елдің бірлескен есебінде барлау қызметі Қытайдың коронавирус жайлы аса маңызды деректерін әдейі жасырып, жойып жібергенін мәлімдеді, бұл туралы есеп көшірмесі бар деп, Австралиядағы Sunday Telegraph газеті хабарлады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл ақпарат ресми расталған жоқ, бірақ австралиялық басылымның бұл саны Батыс пен Қытай арасында туындаған ақпараттық соғысты кезекті рет өршітті.

Sunday Telegraph-тың хабарлауынша, АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Австралия және Жаңа Зеландиядан келген барлау бірлестігі "Бес көз" альянсы 15 беттен тұратын есепте Қытай билігі коронавирус туралы ақпаратты қасақана жасырып, басқа елдерге қауіп төндірген деп жазады.

Басылымның хабарлауынша, Қытай билігі вирустың қаупі туралы хабарлауға тырысқан дәрігерлердің көзін құртып, зертханалық эксперименттердің іздерін жойып, коронавирусқа қарсы вакциналармен жұмыс жасайтын шетелдік ғалымдарға сынамалар беруден бас тартқан.

АҚШ президенті мен мемлекеттік хатшысы бұған дейін коронавирус Ухань вирусология институтының зертханасында пайда болған деп айыптаған еді. Аталмыш болжамдар әлемдік баспасөзде пандемия басталғаннан бері жүр.

Алайда, Sunday Telegraph-тің хабарлауынша, "Бес көздің" есебінде, вирус қытайлық зертханада жасалған деген тікелей айыптаулар жоқ - олар тек тексерілуі қажет кейбір жағдайларды жазған.

Қытай билігі вирус жайлы ақпаратты жасырды және коронавирусты шығарды деген барлық айыптауларды жоққа шығарады.

Ұлыбританияның қорғаныс министрі Бен Уоллес австралиялық басылымның мақаласына түсініктеме беруден бас тартты.

"Мен күнделікті әлемнің түкпір-түкпірінен барлау мәліметтерін аламын. Мен нақты есептерге түсініктеме бермеймін, не көргенімді және не көрмегенімді айтпаймын. Бұл дұрыс емес", - деді Уоллес дүйсенбіде BBC-ге берген сұхбатында.

30 сәуірде АҚШ президенті Дональд Трамп журналистің вирус көзі Ухань вирусология институты екендігінің дәлелін көрді ме деген сұрағына, "Иә, иә, мен оларды шынымен көрдім", - деп жауап берді, бірақ егжей-тегжейлі сөйлесуден бас тартып, Қытай жіберген қателіктер туралы айта жөнелді.

Дәл сол күні Америка Құрама Штаттарының Ұлттық барлау директорының кеңсесі вирустың жасанды емес, табиғи екені жайлы айтқан ғалымдармен келісетінін мәлімдеді.

Сонымен қатар, АҚШ барлаушылары "індеттің жануарлармен байланысынан басталғанын немесе Уханьдағы зертханадағы оқыс оқиға салдарынан болғанын анықтау үшін жаңа ақпаратты мұқият тексеруге" уәде берді.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео жексенбіде ABC телеарнасына берген сұхбатында Америка Құрама Штаттарында "Қытай зертханасы вирустың көзі болғандығы туралы көптеген дәлелдер бар" деді.

Сонымен бірге, жүргізуші Помпеоға АҚШ Ұлттық барлау ұйымының мәлімдемесін еске салғанда, мемлекеттік хатшы: "Иә, дұрыс. Мен бұған келісемін", - деді.

Дүйсенбіде британдық Telegraph газеті MИ-6 барлау мекемесіндегі дереккөзге сілтеме жасап, британдық барлау қызметі Қытайдың вирус ауқымын жасырғаны туралы бұрыннан хабарлап келгенін айтты.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр