Қытай елшісі Қазақстанмен арадағы визасыз режим туралы айтты
Қытайдың Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Чжан Сяо Қытаймен өзара визасыз режим енгізу жоспарлары туралы айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясы аясында журналистер көрші елдің елшісінен Қазақстан мен Қытай үкіметтері өз азаматтарына екі бағытта да визасыз режимді қашан енгізетінін сұраған.
“Ондай әңгіме бар. Визалық режимді жеңілдету талқыланып жатыр”, – деп жауап берген Чжан Сяо.
- "Қытайлар емес, қандастар ағыны көбейеді": Қытай мен Қазақстан арасындағы визасыз режимнің қаупі бар ма
- Қытайлықтар Қазақстанда қалып қояды деуге еш негіз жоқ: Сыртқы істер министрі визасыз режим жайлы пікір білдірді
Бұл қашан шешіледі деген нақтылау сауалына дипломат: “Келіссөздердің өрбуіне байланысты. Биыл, біз әрине бұған үлкен үміт артамыз” деп жауап берген.
Бұған дейін Қазақстан мен Қытайдың өзара визасыз режим енгізетіні белгілі болған еді.
Талқылау